Жалпы бас командамыз 90 келі салмақта әлемдік деңгейдегі боксшыға жарымай-ақ қойды. Василий Левиттің орнын басқан Антон Пинчук те үмітімізді ақтаған жоқ. Атон өз елімізде өтіп жатқан әлемдік додадан ерте қоштасты. Есесіне 75 келідегі жас боксшымыз Жәнібек Әлімханұлы жарап тұр. Жәнібек ширек сынға жол ашатын матчта мексикалық Хуан Меркадоны айқын ұтты. Кездесудің үшінші раундында нокдаун алған Меркадоға, дәрігерлер бәсекені одан әрі жалғастырға рұқсат етпеді. Сонымен осы күні сынға түскен бес дүлдүліміздің төртеуі ширек финалға жолдама алды. Қалған бес салмақтағы боксшыларымыздың ширек финалға қатысты тағдыры бүгінгі жекпе-жектерден кейін белгілі болады.
Бүгін түнде чемпиондар лигасының топтық кезеңі аясында сегіз кездесу ойналады. Орталық матчта “Милан” “Барселонаны” қабылдамақ.
Өткен маусымда мәртебелі кубоктың ширек сынында жолыққан бұл командалар қос бәсекеде де тартысты ойын көрсеткен. Естеріңізге сала кетсек каталондықтар сол кезде италияда 2:0 есебімен жеңіліп, өз алаңында “Миланды” 4:0 есебімен ойсыратқан болатын. Италиялық клубтың бапкері Массимилиано Аллегри шабулшы Марио Балателли мен жартылай қорғаушы Кака жасыл алаңға шығуға дайын екендігін мәлімдеді. Ал жарақат алған Кристиан Аббьятидың орнын Марко Амелиа баспақ. “Барселона” жаттықтырушысы Херардо Мартино бірінші кезекте қарсыластың қарымта шабуылын дер кезінде тосқауыл қоу керектігін айтты. “Милан” мен “Барселона” арасындағы супер матчты сіздер біздің арнадан түнгі сағат 00:45 те тікелей эфирде көре аласыздар.