Жарияланды: 550

СҚО әкімі Шал ақын ауданының жаңа басшысын таныстырды

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Серік Біләлов Шал ақын ауданына жұмыс сапарын жасап, сапар аясында аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясына және аудан активінің отырысына қатысты,

деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. Отырыста депутаттар Шал ақын ауданының әкімі қызметіне Қуандық Тінеевтің кандидатурасын қолдап, актив жиналысында аймақ басшысы жаңа әкімді таныстырды. Облыс әкімі атап өткендей, Қуандық Тінеевтың жұмыс тәжірибесі көп, қажетті кәсіби білімі бар. Целиноград ауыл шаруашылық институтының Көкшетау филиалын, Көкшетау экономика және менеджмент институтын бітірген. Ғалым-агроном мамандығы, экономикадан бакалавр дәрежесі бар. Шал ақын ауданының әкімі қызметіне тағайындалмастан бұрын СҚО ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары болған. С.Біләлов жаңа тағайындалған әкім алдына бірқатар міндеттер қойды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін