СҚО-да 33 жастағы жоғалып кеткен жігітті төртінші апта бойы іздеуде - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СҚО-да 33 жастағы жоғалып кеткен жігітті төртінші апта бойы іздеуде

СҚО-да 33 жастағы жоғалып кеткен жігітті төртінші апта бойы іздеуде

Солтүстік Қазақстан облысында ішінара есін жоғалтатын 33 жастағы жітіг жоғалып кетті. Іздеу төртінші апта бойы жүргізілуде, алайда әзірге нәтиже жоқ.

  • 11 Қаңтар 2016
  • 310
Фото - Caravan.kz

«Самал Оралұлы Дүкембаев (суретте) 1.09.1982 жылы туған, 2015 жылы 21 желтоқсанда СҚО Айыртау ауданының Ағынтай батыр ауылынан (бұрынғы Златогоровка) үйінен шығып кеткен. Бойы 168 см, арықтау денелі, үстінде қара болонь күртесі, қара спорттық малақайы, қысқы қара етік киген. Ерекше белгілері: эпилепсия салдарынан екі қолының саусақтары (шынашағы мен сұқ саусағы) жұмылуы, бала шағынан сырқатанады. Осы күні шамамен сағат 15-те көршілес Баян ауылына (бұрынғы Наследниковка) жеткен. Бұдан кейін, куәгерлердің айтуынша, осы ауылдан шығып, қайтадан өзінің Ағынтай батыр ауылына кеткен. Соңғы рет оны сағат 17 шамасында жолдан ауылдар арасындағы ормандар жағына қарай кеткенін көргендер бар. Келесі күні туыстары Айыртау ауданының АІІБ-іне хабарлап, іздеу басталған. Іздерге қарағанда, Самат орман арасымен тікелей өтуге тырысқан, бірақ та қалың және күртік қардан жүре алмаған. Екі орман арасынан өтіп, жыраға дейін жеткен, одан әрі кері бұрылған, сонан кейін із жоғалған», — деп әңгімеледі жоғалып кеткен жігіттің туысы Руслан Дүкембаев.

Оның ақпаратына қарағанда, 23 желтоқсан күні ҚР ТЖК өкілдері келіп, бірнеше бірлік техниканы, 30-ға тарта әскери қызметшілерді және 70 шақты ауыл адамдарын жұмылдырған. Алайда іздеу ешқандай нәтиже бермеген.

Сонымен қатар, «Одноклассники», ВКонтакте, Facebook, Twitter әлеуметтік желілеріне хабарландырулар орналастырылған, WhatsApp хабарламалары жіберілген, «Айыртауские зори» және «Любимый город» (Көкшетау) газеттерінде хабарландырулар жарияланған. 
«Туыстары бүкіл аудан орталығын, маңайдағы ауылдарды қарап шықты, жарнамалар жапсырды, жергілікті ауыл айналасын бірнеше рет сүзіп шықты. Бес күн бұрын «Жди меня» бағдарламасының сайтына өтініш берілген. 8 қаңтарда таңғы сағат жетіде немере қарарындасына телефон арқылы Самат табылғаны жөнінде хабарлама келген. Мен көрсетілген телефонға хабарластым, бірақ та мені таңдандырғаны — бұл нөмір Молдавиядан болып шықты. Қоңырауға жауап қайтарған, өзін Анатолий деп таныстырған адам Самат румынның Сучава қаласындағы әулие Михаил монастырында дегенді айтты (интернеттен іздеп оны таба алмадық). Бұдан кейін Анатолий қалаға барып, құжат әзірлеуге ақша жіберуін сұрады. Басқа адамның қайғысы арқылы пайда көрмек болған деп ойладым, өйткені едәуір ақша сомасын айтты. Көріпкелдерге де бардық, олар іздеңдер дегенді айтты. Самат тірі болар деп үміттенеміз, мүмкін біреулер құлдыққа салып қойған шығар. Егер де кімде-кім фотосуреттен таныған болса, немесе бір дерегін білетін болса, +7 747 777-59-43 немесе +7 775 757-61-50 телефондарына хабарласуларын сұраймыз. Кез келген ақпарат үшін ризашылығымызды білдіреміз», — деп бүкіл қазақстандықтарға өтініш жасады Р.Дүкембаев. 

null