Жарияланды: 470

Стипендия мөлшерін 25 пайызға арттыруға бюджеттен 16,2 млрд. теңге қаралды

Стипендия мөлшерін 25 пайызға арттыруға бюджеттен 16,2 млрд. теңге қаралды

2016 жылдың 1-қатарынан бастап стипендиялар мөлшерін 25 пайызға арттыруға бюджеттен 16,2 млрд теңге қаралып отыр.

Бүгін Мәжілісте «2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасының таныстырылымы барысында  Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов осылай мәлімдеді.

«Жалпы алдағы бюджет әлеуметтік бағдарланған болып қала береді. Қысқартуларға келсек, олар негізінен базалық шығыстарға қатысты болып табылады, бұл ретте экономиканың нақты секторын қолдаудың негізгі құралы «Нұрлы жол» бағдарламасы болып табылады. Ал бюджет жобасында бағдарламаны іске асыруға 1 трлн. 241,5 млрд теңге сомасында шығыстар қарастырылған», - дейді министр Бақыт Сұлтанов.

Министрдің айтуынша, Елбасының тапсырмасына және зейнетақы жүйесін жаңғырту реформасына сәйкес, мемлекеттің әлеуметтік саладағы жаңа міндеттемелері 2016 жылы - 416 млрд теңге көлемінде бағаланады. Бұл көрсткіш 2018 жылға дейін 747 млрд теңгеге дейін ұлғайтылады.

«2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап бірқатар әлеуметтік шаралар жүзеге асады. Атап айтқанда, азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа моделін енгізуге 305,5 млрд теңге қосымша талап етіледі. Мүгедектігі және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәмдемақыларды 25 пайызға арттыруға 48,7 млрд теңге бөлінеді. Бұдан бөлек, стипендиялар мөлшерін 25 пайызға арттыруға 16,2 млрд теңге қарастырылады. Ал күш құрылымдарының қызметкерлерін зейнетақымен қамтамасыз етуді реформалауға 12,7 млрд теңге көзделеді», - деді Б. Сұлтанов.

Министрдің айтуынша, стипендия мөлшерінің артуын ескере отырып, экономика салалары үшін техникалық және кәсіптік жоғары, жоғары білімнен кейінгі білімі бар білікті мамандар даярлауға үш жылға 442 млрд теңге жұмсалмақ. «Соның ішінде мамандар даярлауға келер жылы 147 млрд теңге бөлінбек. Нәтижесінде 2019 жылға қарай  ауыл шаруашылығы, техникалық, педогогикалық мамандықтар бойынша әртүрлі бейіндегі 117 мыңнан астам мамандар даярлау жоспары орындалады», - деді ол.  

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін