Су-24 штурманы ұшақ Түркияның әуе кеңістігін бұзып кірді деген ақпарды жоққа шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Су-24 штурманы ұшақ Түркияның әуе кеңістігін бұзып кірді деген ақпарды жоққа шығарды

Су-24 штурманы ұшақ Түркияның әуе кеңістігін бұзып кірді деген ақпарды жоққа шығарды

Түріктер атып түсірген ресейлік Су-24 штурманы, капитан Константин Мурахтин ұшақ Түркияның әуе кеңістігін бұзуы мүмкін емес деп мәлімдеді.

  • 26 Қараша 2015
  • 833
Фото - Caravan.kz


«Жоқ, олай болуы мүмкін емес. Оның үстіне, күн шайдай ашық болды, біз 6000 метр биіктікте едік. Бәрі менің бақылауымда болды. Жерді, шекараны картадан да, былай да ап-анық көріп отырдым.Түркия аумағына шығып кету қаупі де туындаған жоқ», — деді ол журналистерге.
Ұшқыш өздері ұшатын ауданды өте жақсы білетінін айтады. «Біз ол жерден бірінші рет ұшып өткен жоқпыз. Бағытымызды бес саусақтай білеміз. Үнемі әскери тапсырмаларды орындап, авиабазаға кері оралып жүргенбіз. Мен штурман ретінде оның ойы мен қырын жақсы білемін. Құралсыз-ақ жол табамын», — деді ол.
Сондай-ақ, ол түрік ымыранының ұшаққа тұтқиылдан тигенін, сол себепті экипаждың ұшақты бұру үлгеруге мүмкіндік болмағанын мәлімдеді. Айтуынша, Түркия тарапынан ешқандай ескерту жасалмаған. «Шын мәнінде, ешқандай ескерту жасалған жоқ: радио арқылы да, іспен де ескерту болмады. Сондықтан біз тәртіп бойынша қимылдадық. Бомбалаушы мен жойғыш ұшақтың жылдамдығын салыстыруға болмайды. Олар ескерту жасағысы келсе бізбен қатарласып тұрып, өздерін көрсетуі тиіс болатын. Зымыран да ұшақтың артынан келіп тиді. Біз оны көрген жоқпыз. Әйтпесе, зымыранға қарсы маневр жасауға болатын еді», — деді ұшқыш.
«Қазір жағдайым жақсы, сауығып шыққаннан кейін бірден қайтадан әскери міндетіме кірісемін» деді ол.