Айтуынша, блогермен бас қосқан алғаш жылдары ол үлкен сынақтан өтіпті, деп хабарлайды Сaravan.kz.
Дана Есееваның айтуынша алғаш келін болып түскен жылдары ол қайын жұрты тарапынан талай сынақтардан өткен. Олар тіпті жас келінге: «4 жыл сынақтан өтесің» деген шарт қойған.
«Келін сынақтан 4 жыл өтеді. Осылай айтқанда не деп жауап берер едіңіз? Осы сөзді алғаш рет естігенде қатты ренжідім. Сол кезде ашушаң мінезім түрімнен-ақ көрінген шығар. Себебі солай айтқанда, оған қарсы шығып, тіпті дауласа алатынымды білдім. Іштей «мені не себепті сынау керек, келінді қандай да бір сынақсыз қабылдауға болмай ма?» деген ой болды.
Жақында келін болғалы басымнан өткен барлық жағдайды есіме алдым. Жалпы қыздар келін болғаннан кейін барлық эмоцияны бастан кешіреді деген сөз рас шығар. Бұл жылдары мен расымен таң қалдым, тырыстым, ренжідім, қабылдағым келмеді, келістім, қателікке жол бердім, түсінуге тырыстым, көп ойландым, жоғалттым, өз шекарамды құруға тырыстым, бәрін ұмытуға тырыстым, мінезімді де көрсеттім, кетіп қалып жүрдім, қайта келдім, көп жерде өзіме «жоқ» деп, қалағанымнан бас тартым, бір мезетті тоқтап, өзіме өзім есеп бердім. Сол кезде бұл үлкен сынақ екенін және қайын жұртты емес, ең алдымен өзімнің төселіп, шыңдалғанымды байқадым. Былайша айтқанда өзімді сынақтан өзімді өткіздім.
Бірақ маған бұл үшін 4 жыл емес, 7 жыл керек болды. Бұл мен үшін трансформацияның мектебі болдым десем артық айтпаспын. Осының бәрі жаңағы жоғарыдағы сөзге ашуланғаннан болды. Осы уақыт бойы мен өзімді ересектердің өміріне дайындап келіппін. Қазір қандай да бір мәселе туындаса, мен оларды үлкен адам ретінде шешуге тырысамын. Себебі адам тек өз таңдауы бойынша өмір сүруі керек. Яғни ол өз өмірін өзі жасайды немесе қалай бар солай қабылдайды.
Меніңше өз пікірін өзгерте алмайтын адам – ең ақылсыз адам шығар», — деп жазды ол.