Табиғаттың тосын құбылысы Өскемен жұртын шошытты - kaz.caravan.kz
  • $ 472.62
  • 513.22
+24 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Табиғаттың тосын құбылысы Өскемен жұртын шошытты

Табиғаттың тосын құбылысы Өскемен жұртын шошытты

Қаланың қақ ортасындағы көлшік бір мезетте қызыл түске боялған.

  • 22 Қазан 2015
  • 289
Фото - Caravan.kz

Тұрғындардың айтуынша, көлшік екі күн бұрын қызара бастапты. Онсыз да тазалығымен ерекшеленбейтін су айдынынан қазір ел мүлдем аулақ жүруге тырысады. Өйткені өндіріс орны көп, экологиялық жағдайы нашар өңірдің халқы бұл суат улы болуы мүмкін дейді. Жанында балабақша, мектеп пен тұрғынүйлер топтасқан көлшіктің шарап түстес суына мамандар сараптама жүргізіп жатыр.

Алексей Котернюк, Өскемен қаласының тұрғыны: 

-Талай жылдан бері осы маңайда тұрсам да, бұл көлшіктің мұндай түске енгенін бірінші мәрте көріп тұрмын. Біреу марганец тастап жіберді ме әлде басқа бір химиялық процесс болып жатыр ма, кім білсін. Әрине, әзірге аулақ жүруге тырысамыз.