«Талақ тастап, зорлық-зомбылық көрсететіндер аяғын тартып жүреді»: Белгілі журналист қазақ әйелдеріне қатысты бар шындықты жайып салды - kaz.caravan.kz
  • $ 475.03
  • 517.21
+29 °C
Алматы
2024 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Талақ тастап, зорлық-зомбылық көрсететіндер аяғын тартып жүреді»: Белгілі журналист қазақ әйелдеріне қатысты бар шындықты жайып салды

«Талақ тастап, зорлық-зомбылық көрсететіндер аяғын тартып жүреді»: Белгілі журналист қазақ әйелдеріне қатысты бар шындықты жайып салды

Белгілі редактор, журналист Гүлбану Әнияттың әлеуметтік желідегі жазбасы желіде қызу талқыға түсті.

  • 19 Қыркүйек 2023
  • 90
Фото - Caravan.kz

Көпшілік қазақ әйелдерінің жаппай сауатсызданып бара жатқанына налыған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бұл туралы ойын журналист желідегі парақшасында мәлім етті.

"Әйел сауатты болса, ұрпақ сауатты болады", әйел өз құқығын қорғай білсе, оны басынатын, ойына келгенді істеп, ойыншыққа айналдырғысы келетіндер, "талақ" тастап, зорлық-зомбылық көрсететіндер аяғын тартып жүреді. Әйелдің көзі ашық болса, ешкім оның өзіне, кіп-кішкентай қыз баласына күштеп, пәрәнжі кигізбейді. Әйел білімді болса, псевдо коучтардың етегінде кетпейді, өз бағасын біледі, әйтеуір күйеуге шығу керек деп, кім көрінгеннің етегінде ұстамайды. Ешкім оларды нұқып, не істеп, не қою керегін айта алмайды. Қақын жемейді, басынбайды, еркін алмайды, күштемейді, психологиялық қысым көрсетпейді.
 

Бала тәрбиесінің 80 пайызы әйелдің қолында. Сауатты әйел — психологиялық та, физикалық та сау ұрпақтың кепілі.Ұрпағының ертеңін (тым пафос болса да, ұлтының болашағын) ойлайтын адам әйелдің көзін ашудан қорықпау керек, қажет десе, қолдау көрсетуге тиіс.



Ал қалғаны қорқақтар мен эгоистер. Әйелдің құқығын басынып, оған орын белгілеп, етегімен алысып, тәрбиелеп жібергісі келіп түратындардың ұлт туралы айтқаны бес тиын. Оның артында комфорт аймақтан шығып қалудан, біріншілікті беріп қоюдан, биліктен айырылып қалудан, әйел позициясының өзгеруінен қорқу жатыр. Пікір иесі: Баян Хасанова», — деп жазды ол.