Талдықорған тұрғындары Q-net пирамидасына 220 млн теңгеден астам қаражат салған - kaz.caravan.kz
  • $ 450.79
  • 482.21
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Талдықорған тұрғындары Q-net пирамидасына 220 млн теңгеден астам қаражат салған

Талдықорған тұрғындары Q-net пирамидасына 220 млн теңгеден астам қаражат салған

2018-2020 жылдар аралығында қаржы пирамидасының қызметіне 231 салымшы тартылып, жалпы сомасы 220 млн теңгеден астам жеке қаражатын салған.

  • 26 Мамыр 2023
  • 19
Фото - Caravan.kz

Талдықорған қаласында «Q-net» қаржы пирамидасын құрды және оны басқарды деген күдікке ілінген азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді ҚМА Жетісу облысы бойынша департаменті жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

"Сот күдіктіге қатысты «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. ҚР КПК 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілмейді.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі" , — делінген
  Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі 
таратқан ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар