Жарияланды: 420

Талдықорғанда ұйымдасқан қылмыстық топтың белсенді мүшесі ұсталды

Талдықорғанда ұйымдасқан қылмыстық топтың белсенді мүшесі ұсталды

Облыстық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «

Арлан» арнайы жасағымен және ҰҚКД-нің сарбаздарымен бірігіп Алматы облысының солтүстік өңірінде өзінің өктемдігін жүргізбек болған ұйымдасқан қылмыстық топтың белсенді мүшесін қолға түсірді. 1984 жылғы ұсталған ер адамға тиесілі «Тойота-Камри» көлігінің ішінен құқық қорғаушылар есірткі мен қаруды тапты. Сараптамаға сәйкес, тәркіленген есірткі 244 грамм салмақтағы гашиш болып шықты, оған қоса 16 калибрлік аңшы қаруы мен 2 оқ-дәрі алынды. Ұсталған ер адам қамауға алынды. Есірткі мен қаруды заңсыз сақтау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін