Жарияланды: 570

Тараз қаласында С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ филиалы ашылды

Тараз қаласында С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ филиалы ашылды

Тараз қаласындағы  медициналық колледж жанынан  С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық  университетінің  филиалы  ашылды. 

Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.

Еске сала кетейік, Жамбыл облысы тұрғындарының денсаулығын жақсарту және денсаулық сақтау жүйесін медициналық кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында 2015 жылдың шілде айында Жамбыл облысы әкімдігі мен С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті өзара ынтымақтастық туралы екі жақты меморандумға қол қойған болатын.
Аймақтық филиалдың базасында университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы жұмыс істейтін болады. Олар өз кезегінде тек оқу орнының студенттерін ғана емес,  емдеу-алдын алу мекемелерінің қызметкерлерінің де біліктіліктерін арттырумен айналысатын болады. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін