Таразда 3 ай бойы жалақы көрмеген құрылысшылар бас көтерді - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда 3 ай бойы жалақы көрмеген құрылысшылар бас көтерді

Таразда 3 ай бойы жалақы көрмеген құрылысшылар бас көтерді

Таразда қосалқы бөлшек шығаратын зауытта жөндеу жүргізген жұмысшылар 3 айдан бері жалақыларын ала алмай жүр. Басшылық соңғы кезде тіпті оларды маңайға жуытпайтын болған. Ашынған жұрт төрелігін сұрап, құзырлы орындарға шағымданғанымен нәтиже жоқ. Бүгін шыдамы шегіне жеткен қараша мекемеге басып кіріп, басшысымен жолықпақ болды. Алайда күзетшілер бұл жолы да оларды есіктің ауызынан қайтарды.

  • 19 Қазан 2013
  • 406
Фото - Caravan.kz

Тамара Павленко бір жылдан бері «Запчасть» компаниясының бұзылғанын бүтіндеп, жыртығын жамаумен келеді. Бригадир жанына 10 адамды тартып, келісім-шартқа отырыпты. Бірақ жөндеу аяқталып, ақша төлейтін уақыт жақындағанда басшылық тырнақ астынан кір іздеп, келісімді бұзды дейді бригадир.

Тамара Павленко, құрылысшы:

— Күнде келем, кіргізбейді. Есіктен қайтарып жібереді. Маусым, шілде мен тамыз айларының ақшасын алған жоқпыз. Бәріміз қарызға белшеден баттық. Компания бізге 2 млн. теңге беруі керек.

Үш баланың анасы үш айдан бері есік сығалаумен жүр. Құзырлы орындардың бәріне шағымданып үлгеріпті. Ондағылар, бір-біріне сілтеп, ақыры нәтиже шығара алмаған. Ал бүгін тағы да тілектестерін жинап, кезекті рет құрылыс компаниясынан жалақысын даулап келді.

Күзетшілер, есік сынып жатса да шу шығарғандарды ішке кіргізбеді. Бұйрық солай болса керек. Кенеттен, жағдай күрт өзгерді. Жалақы даулағандар, жайында қалып, басты нысанға тілшілер ілікті. Бұлқан-талқан болған өндірістің ішкі қауіпсіздік бастығы, журналистерді жекпе-жекке шақырып, тіпті камераны сындыруға әрекеттенді.  

Шу шығып, ушыққанда ғана зауыт басшылығы төбе көрсетті. Бірақ , жауапкершілікті өздерінен ысырып тастап, құрылыс компаниясын кінәлап шыға келді.


Дмитрий Ан, «Запчасть» АҚ қаржы директоры:

— Біздің бұл дауға еш қатысымыз жоқ. «Запчасть»  АҚ мүлдем басқа мекеме. Ал жөндеумен айналысқан «ЭПГС»  деген ол құрылыс компаниясы. Оның басшысы бөлек. Соныдақтан өзінен сұраңыздар.   

Аты бар да, заты жоқ серіктестік басшысымен сол күйі жүздесудің сәті түспеді. Сондықтан құрылысшылардың талабы бұл жолы тағы аяқсыз қалды.