Таразда перзентxанадан ұрланған нәресте қонақ үйден табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда перзентxанадан ұрланған нәресте қонақ үйден табылды

Таразда перзентxанадан ұрланған нәресте қонақ үйден табылды

Жантүршігерлік оқиға 8-ші шілде күні болған. 22 жасар келіншек тапа-тал түсте шарананы жасырын есік арқылы шығарған.  Осылайша ол сәбиді Алматыға жөнелтпек болған.  Бұл уақытта сәбидің ата-анасы мен дәрігерлер қайда болған?

  • 12 Шiлде 2019
  • 18
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. 

Жантүршігерлік оқиға Тараз қаласының перинаталдық орталығында тіркелген. Айдың күннің аманында 8 күндік жаңа туылған сәби іште дәрігерлердің болғанына қарамастан ізім-ғайым жоғалып кеткен.  Перзентінің орнында жоқ екенін анасы байқапты. Ол дереу балаға бас-көз болуы тиіс акушерге барып сәбиін сұраған. Алайда, нәресетінің қайда және кіммен кеткенін ешкім білмеген. Әбден зәре-құты қашқан анасы дереу  тәртіп сақшыларына өзі  хабар беріпті. 

Абырой болғанда полиция қызметкерлері небәрі екі сағаттың ішінде ауыр қылмыстың бетін ашыпты. Олар бейнебақылау камераларындағы жазбаны тексеріп, нәрестені ұрлаған әйелдің перзентханадан шыққаннан кейін қайда кеткенін анықтапты. Анықталған бағыт бойынша қонақ үйлердің біріне жетіп, нөмерлердің бірінен сәбиді тапқан.  Жас келіншектің өзі де жуырда дәл осы перзентханадан босанып шыққан екен.  Ең қызығы ол ұрлаған сәбидің анасымен бір палатада жатқан. Арам ісін жүзеге асыру үшін ең алдымен перинатлдық орталығының қызметкерлеріне "құрбымның жағдайын білуге келіп едім" деп алдап соққан. Ал бұл уақытта нәрсетенің анасы түскі ас ішіуге шығып, баласын дәрігерге тапсырған екен. 

СӘУЛЕ АЙЖАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС АКУШЕРІ: «Ол анықта бөлімінен жанымда жатқан әйелдің қал жағдайын сұраймын деп  облыстық перинатлдық орталыққа кірген. 1048 Баланың анасы обедке кеткен кезде сол кезде баланы тербетіп тұрған телефон шырылдайды. Сол кісі телефонды көтеруге барғанда мына кісі алып кетіп отыр». 

Осылайша, өз ісіне салғырт қараған бірнеше ақ халаттылар жұмыстан босатылыпты. Оның ішінде бөлім меңгерушісінен бастап, медбикелер де бар.  Облыстық денсаулық сақтау департменті дәрігерлердің жас келіншекпен сыбайлас болғанын жоққа шығаруда. Тек тексеру нәтижесінде дереу шара қолданбағыны үшін жаза қолданыпты. 

 ХАМИТ МЫРЗАҚАСЫМ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Нәресте ата-анасына қайтарылды. Ешқандай.. Тексеру жүргізілуде. 4 адам қатаң сөгіс жарияланды. Және де 4 адам жұмыстан босатылды. Олар бөлім меңгерушіден бастап, кіші мейірбике дейін. Факт бойынша салғырт қарау деп айта алмайды, комиссия шешімі бойынша осындай шара қолданып отыр». 
Ал баланы қолды қылған  келіншек Жамбыл ауданы Қаракемер ауылының 22 жасар тұрғыны.  Дерекке сәйкес, жаңа туылған шарананы ол Алматы қаласына жібермек болған. 

АЙСАНА СМАН, ЗАҢГЕР: «Жазасын бес жылдан бастап бас бостандығынан айырады. Ең маңыздысы бол жерде баланы сату, туу, сауда жасап сату тікелей жауапкершілікке тартылады». 

Осылайша күдікті келіншекке  қатысты тергеу амалдары басталды. Қылмыстық кодекске сәйкес  жас келіншектің мүлкін тәркілеумен 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруы мүмкін. Қазіргі уақытта күдіктінің өзінің кішкентай сәбиі бар екені ескеріле отырып, бұлтартпау шарасы қарастырылуда