Тараздық боксты кубалық жаттықтырушы басқарды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тараздық боксты кубалық жаттықтырушы басқарды

Тараздық боксты кубалық жаттықтырушы басқарды

Тараздық боксты кубалық жаттықтырушы басқарды. Бұл туралы ақпарат 16 қаңтар күні облыстық әкімдіктің баспасөз орталығында өткен брифингте айтылды.

  • 17 Қаңтар 2013
  • 395
Фото - Caravan.kz

Кубада дүниеге келген АҚШ азаматы, 55 жастағы Мануэль Элизондо Кастильо Жамбыл облысының бокс бойынша құрамасының аға жаттықтырушысы болып тағайындалды.

Панамерикандық бірінші спорт академиясының түлегі, сондай-ақ Мануэль Фажардо атындағы кубалық спорт және денешынықтыру институтының «Бокс» бойынша мамандығының бакалавры М. Кастильо он жыл бойы (1984-1994 жылдар) Куба жасөспірімдерінің ұлттық құрамасының жаттықтырушысы ретінде жұмыс істеді.

Мануэль Элизондо Кастильоны облыстық туризм, спорт және денешынықтыру басқармасының басшылығы облыстың мамандандырылған мектептерінде қызмет атқаратын бокс мамандары мен жаттықтырушыларына таныстырды.