Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті

Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды ұлық мереке – Тәуелсіздік күнімен құттықтады. «Әрбір елдің жылнамасында оның жаңа тарихының бастауы болған тағдыркешті таңдар болады. Біз үшін жаңа дәуірдің арай таңы 1991 жылы 16 желтоқсанда атты» деп сөзін бастаған Елбасы, «сол күні әлем көгінде Қазақстан Республикасы атты мәңгілік жұлдыз жарқырады» деп ойын жалғады. «Тұтас дәуірлердің куәсі болған халқымыз сан ғасырлар бойы бұралаң да қиын жолмен жүріп өтті. Бүгінде әрбір қазақстандық мақтана алатын ақордалы Астанасы, тәуелсіз Қазақстаны бар. Егемендіктің қадірі деген осы» - деді Президент. Салтанатты кешке жиналған еліміздің зиялы қауым өкілдері, саясаткерлер мен мемлекеттік қызметкерлерге Мемлекет басшысы келер жылы тойланатын Тәуелсіздіктің 25 жылдығына дайындықты бүгінен бастау керек деген тапсырма берді. Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: - Бұл күн – ұрпақтардың ұлы арманы орындалған ордалы той, мерейлі де мәртебелі мереке. Салтанатты жиынның толық нұсқасын арнамыздан бүгін 21:30-да көре аласыздар.

  • 15 Желтоқсан 2015
  • 2331
Фото - Caravan.kz

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды ұлық мереке – Тәуелсіздік күнімен құттықтады. «Әрбір елдің жылнамасында оның жаңа тарихының бастауы болған тағдыркешті таңдар болады. Біз үшін жаңа дәуірдің арай таңы 1991 жылы 16 желтоқсанда атты» деп сөзін бастаған Елбасы, «сол күні әлем көгінде Қазақстан Республикасы атты мәңгілік жұлдыз жарқырады» деп ойын жалғады. «Тұтас дәуірлердің куәсі болған халқымыз сан ғасырлар бойы бұралаң да қиын жолмен жүріп өтті. Бүгінде әрбір қазақстандық мақтана алатын ақордалы Астанасы, тәуелсіз Қазақстаны бар. Егемендіктің қадірі деген осы» — деді Президент. Салтанатты кешке жиналған еліміздің зиялы қауым өкілдері, саясаткерлер мен мемлекеттік қызметкерлерге Мемлекет басшысы келер жылы тойланатын Тәуелсіздіктің 25 жылдығына дайындықты бүгінен бастау керек деген тапсырма берді. Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: — Бұл күн – ұрпақтардың ұлы арманы орындалған ордалы той, мерейлі де мәртебелі мереке. Салтанатты жиынның толық нұсқасын арнамыздан бүгін 21:30-да көре аласыздар.