Полиция бүлікшілерді елшіліктен шығарып, өрт сөндірушілер отты сөндірді. Иран Ішкі істер министрлігі дипломатиялық статусты сыйлауға шақырды.
Мешхедте де Сауд Арабиясының консулдығына наразылық білдірушілер шабуыл жасады, деп хабарлады РИА Новости «Сабак» газетіне сілтеме жасап. Басылымда ирандықтардың бір тобы консулдықты өрттемек болғаны айтылған. Наразы топ ішінде Сауд Арабиясының ғимараттағы туын құлатқысы келгендер де болған.
Еске сала кетейік, Сауд Арабиясында лаңкестікке қатысы бар деген күдікпен сотталған 47 адам өлім жазасына кесілді. Олардың қатарында Иранда танымал шиғалардың дін насихатшысы Нимр әл-Нимр болды.