Сонымен қатар, бақылаудың болмауы – бұл Қазақстандағы миллиондаған тұтынушылардың денсаулығына қауіп төндіретін фактор. Бұл жағдайды Caravan.kz медиа порталының тілшісі зерттеп көрді.
Еске сала кетейік, жақында Еуропада үлкен дау шықты. Coca-Cola өнімдері уытты хлораттар деңгейінің асып кетуіне байланысты кері қайтарылды. Coca-Cola Еуропаның бірнеше елдерінде бірден сатылымнан алынды. Ал Coca-Colaны Қазақстандықта өндіретін компания тұтыншушыларды сабырға шақырып, жергілікті зауыттың оған ешқандай қатысы жоғын алға тартты. Алайда, «Кока-Кола Алматы Боттлерс» қауіпсіздікті дәлелдейтін ешқандай дәлел ұсынған жоқ.
Зауыттағы жұмысқа бақылау қалай жүріп жатыр?
Компаниядан жауап алғаннан кейін біз Ұлттық сараптама орталығы мен СЭС-ке жүгіндік. Ұлттық сараптама орталығы «Кока-Кола Алматы Боттлерс» жыл сайын өз өнімдерін зерттеу үшін келісімшарт жасайтынын хабарлады. Алайда жауапта 2025 жылы келісімшарт әлі жасалмағаны көрсетілген. Сонымен қатар, барлық тексеру деректері құпия сақталады. Келісімшарт толық құпиялылықты талап етеді, компанияның рұқсатынсыз ешқандай ақпаратты жариялауға тыйым салынады. Егер бірдеңе табылса да, оны ешкім білмейді. Қарасай аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы өз кезегінде зауытта ХАССП жүйесі – тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық стандарт жұмыс істейтінін хабарлады. Алайда, «Өндірістік бақылауға санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережелерінің 2-тарауының 8-тармағына сәйкес бұл факт кәсіпорынды қосымша тексерулерден босататын болып шықты.
Енді ең қызығы мынада: соңғы екі жылда зауытта ешқандай тексеру жүргізілмеген – жоспарлы да, жоспардан тыс та. Кем дегенде, бұл СЭС-ке сұрау салуға берілген жауапта көрсетілген. Демек, ешкім де миллиондаған қазақстандықтар ішіп жүрген өнімнің шынымен қауіпсіздігін растай алмайды. Біз компанияның дәлелсіз сөзіне сенуіміз керек пе?
Бұл қандай қауіпке алып келуі мүмкін?
Екі жыл тексерудің болмауы көптеген кәсіпорындар үшін бұл арман болар. Мемлекеттік органдардың тексерулері болмаған жағдайда санитарлық нормалардың дұрыс сақталып жатқанын айту қиынның қиыны.
Тағы бір қауіп — құпия болып тұрған құқық бұзушылық қатері. Тексерулер болмаған жағдайда компания рецептіні өзгертуі, ингредиенттерді ауыстыруы, шикізатқа үнемдеуі оның барлығын ешкім біле алмайды, өйткені 2 жылдан бері тексеріс жоқ. Ал ең үлкен қауіп мынада: проблемалар кеш анықталуы мүмкін. Егер Coca-Cola сусынында қауіпті заттар болса, оны тек жаппай шағымдар немесе тіпті уланулардан кейін ғана анықтауға болады. Ал кейінгі тексеріс қиындыққа соғуы мүмкін. Оған кінәліні анықтауға біраз уақыт кетуі мүмкін.
Жауабы жоқ сұрақ
Еуропа елдерінде қатаң түрде тексеріс жүргізіп, тұтынушылар өз құқықтарын қорғай алады. Ал қазақстандықтар компанияның сөзіне сеніп отыру керек пе? Ең басты сұрақтарға жауап алу мүмкін емес. Қазақстандық Coca-Cola қауіпсіздік стандарттарына сай келе ме? «Құпиялылық» дегеннің артында не жасырынулы тұр? Арнайы органдар нақты проблема болмай тұрған кезде тексереді деген үлкен үміт бар.