«Темірбанктың» орталық бөлімшесі тоналып, 37 миллион теңге қолды болды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.11
  • 545.58
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Темірбанктың» орталық бөлімшесі тоналып,  37 миллион теңге қолды болды

«Темірбанктың» орталық бөлімшесі тоналып, 37 миллион теңге қолды болды

Алматыда Темірбанктың орталық бөлімшесі тоналды. Ұрылар  тапа-тал түсте 3 қарақшы 37 миллион теңгені қолды қылған. Терезе арқылы кірген 3 сұғанақты қарулы күзет те байқамай қалыпты.

  • 24 Қазан 2013
  • 226
Фото - Caravan.kz

Ұрылар терезені кесіп, тура ақша қоймасына түскен. Қаржыны алып, үн-түнсіз кері сол терезе арқылы із суытқан. Жер сипап қалған банк қазір бақылау камерасын ақтарып әлек. Әзірге белгілісі, таспаға ұрылардың біреуі ғана түсіпті. Үстінде банк қызметкерінің киімі болған көрінеді. 


Ермек Болтаев, Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

— Қолтаңбасы бар, аяқ іздері бар. Оның бәрін қазір ішкі істер департаменті қызметкерлері алды. Сол бойынша жұмыс жүргізіледі.