Теміртау музейі қолдан жасалған ойыншықтар қабылдап жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Теміртау музейі қолдан жасалған ойыншықтар қабылдап жатыр

Теміртау музейі қолдан жасалған ойыншықтар қабылдап жатыр

Теміртау мұражайы жаңажылдық шыршаға ілінетін ойыншықтардың дағдарыс жағдайындағы байқауын жариялады. Яғни олар тұрғындардан дүкеннен алынған емес, қолдан жасалған немесе жылдар бойы сақталған ойыншықтарды қабылдап жатыр.

  • 31 Желтоқсан 2015
  • 282
Фото - Caravan.kz

Байқау жарияланысымен Жаңа жыл мерекесі десе ішкен асын жерге қоятын 300-ден аса тұрғын қолына іліккенін алып осында жеткенге ұқсайды. Әкелінген бұйымдар саны бүгінде 500-ге таяған. Тіпті бір адамның өзі, қолдан жасағаны мен сандықтан тапқаны бар, ұзын саны 46 ойыншық әкеп тапсырыпты. Олардың ең көнесіне 70 жыл болған. Бергісі шыршаны әсемдендіретін шарлар және киізден, пластмассадан немес тоқылып жасалған ойыншықтардың сан түрі. Көрмедегілер бұл шыршаны жабдықтаудың дағдарыс кезіндегі ең тиімді тәсілі дейді. Ойыншыққа ақша шығарып керегі жоқ, тәрбиелік мәні де бар екен.   

Әлия Әлекеева, Теміртау қалалық мұражайының қызметкері:

— Бірнеше отбасы өздерінің жылдан жылға жинап, 60-шы жылдардан бері жинап келе жатқан ойыншықтарын көрсетіп, осы экспозияицяға қатысып жатыр. Жеңімпаздарды дауыс беру бойынша анықтаймыз. Қортындысын 15 қаңтарда жасаймыз