Атап айтқанда, депутат бір әйелдің пәтерін, көлігін және Украинадағы үйін тартып алыпты. Тұтқындау барысында одан сол дүние мүліктің құжаттары тәркіленген. Кәсіпкерлікпен айналысатын Кеңесхан Басқарбаев Теміртаудағы бокс және кикбокс федерациясының төрағасы және белгілі бапкер. Тіпті қажылыққа да барып үлгерген ол «Нұр Отан» партиясы қалалық бөлімшесі жемқорлыққа қарсы кеңесінің төрағасы қызметін қатар атқарып келген. Осы лауазымда депутат, әсіресе, құқық қорғау органдарындағы жемқорлық мәселесіне қырғидай тиген екен. Сондықтан адвокаттары, мұны шенді полицейлердің жауабы ма деп те күдіктеніп отыр. Қазір Басқарбав сыбайласымен бірге тергеу абақтысына қамалған.