Теміртауда жоғалып кеткен оқушының әкесі елден көмек сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Теміртауда жоғалып кеткен оқушының әкесі елден көмек сұрады

Теміртауда жоғалып кеткен оқушының әкесі елден көмек сұрады

Теміртауда бір аптадан бері 9 жастағы бала іздестірліп жатыр. Желтоқсанның 29 күні ойнауға шыққан Владислав Шеллер сол күйі ізім ғайым жоғалған. 

  • 6 Қаңтар 2016
  • 169
Фото - Caravan.kz

Владислав отбасындағы үш баланың кенжесі екен. Әке-шешесінің айтуынша, ол сол күні әжесінің үйіне баруы керек болған. Соңғы рет оны қаладағы кинотеатрдың алдынан көрдік дегендер бар. Туыстары аяқтарынан таусылып бір күн іздеп таппаған соң, полицияға хабар беріпті. 8 күннен бері жеткіншекті полиция, төтенше жағдайлар қызметі, әскерилер тіпті еріктілер де іздестіріп жатыр. Бірақ көрдім, білдім деген пенде жоқ. Амалы таусылған ата-ана елдің көмегіне зәру.

Сергей Китаев, В.Шеллердің әкесі :

-Естіген елдің бәрі тынбай іздеп жатыр, бірақ нәтиже жоқ. Тұрғындар аулаларын, үйлерінің жертөлелерін қарап шықса деген тілек бар. Саяжайлары барлар да қырағылық танытып, айналасына мұқият болса екен.