Теннис: Я.Шведова даниялық К.Возняцкиге жол берді - kaz.caravan.kz
  • $ 460.8
  • 541.21
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Теннис: Я.Шведова даниялық К.Возняцкиге жол берді

Теннис: Я.Шведова даниялық К.Возняцкиге жол берді

Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласындағы турнирде үшінші айналымда даниялық Каролина Вознякимен шеберлік байқасты.

  • 11 Наурыз 2014
  • 379
Фото - Caravan.kz

Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте 64-інші орында тұрса, Каролина Возняцки кезінде көш бастаған ойыншы болатын. Турнирге 10-ыншы ракетка болып қатысқан Каролина мен Ярославаның тартысты ойыны 2 сағат 31 минутқа созылды. Бірінші партияда тайбрейкте 7:6 есебімен даниялық жеңіске жетсе, екіншісінде қазақстандық спортшы 6:3 есебімен есе қайтарды. Алайда шешуші сетте К.Возняцки 6:1 есебімен ұтып, келесі айналымға жолдама алды.

 Айта кетейік, бұл ірі додаға осы турнирдің өткен жылғы жеңімпазы, әйгілі ресейлік теннисші Мария Шарапова да қатысуда.