Тікұшақ пен 55 адам Каспий жағалауында өрт сөндіріп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тікұшақ пен 55 адам Каспий жағалауында өрт сөндіріп жатыр

Тікұшақ пен 55 адам Каспий жағалауында өрт сөндіріп жатыр

Каспий жағалауында қамыс өртеніп жатыр, бес жану ошағы анықталды.

  • 7 Шiлде 2023
  • 26
Фото - Caravan.kz

"Әуеден барлау нәтижесінде аумағы бес гектарды құрайтын 5 жану ошағы анықталды. Өрттің жалпы ауданы 10 га құрайды. Жанып жатқан аумақ иесіз, бұл Каспий теңізінің жағалауы", — деп хабарлады ТЖМ.

Түтін теңізге қарай бағытталғандықтан, елді мекендерге қауіп жоқ.

Қамыс өртін сөндіруге Атырау облысы ТЖ департаментінен, "Ақ Жайық" резерватынан 55 қызметкер, 13 бірлік техника, 2 бірлік мотопомпа және "Қазавиақұтқару" АҚ МИ-8 тікұшағы жұмылдырылды.


Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда.