Той кортежімен болған даудан ІІМ Әкімшілік полициясы комитеті басшысының орынбасары жұмыстан кетті
![]() |
Полиция полковнигі Бақытжан Балташев берілген баянаттан кейін органдағы қызметінен кетті, |
- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астанада үйлену тойының кортежі жолда жүру ережесін бұзғаны үшін жүргізушілер мен ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасарының ұлының тойын тойлаған таныстары жауапкершілікке тартылды.
"Полиция полковнигі Балташев Бақытжан Балғабекұлы ІІМ бұйрығымен берілген баянатқа сәйкес ішкі істер органдарынан кетті", - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде қымбат көліктермен елорда көшелерінде шоу ұйымдастырғандар видеосының жарияланғаны хабарланған болатын. "Гелендвагендердің" жүргізушілері өздерінің артқа қарап көлік жүргізе алатын "өнерлерін" көрсетті. Олар бірнеше рет жол апаты қаупін тудырып, жолдың қарсы бағытына шығып, жол ортасындағы жолақтарды басты. Жүргізушілердің бұл қылығы қолданушылардың наразылығын тудырды.
Толығырақ:http://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/kortejmen-bolgan-daudan-m-akmshlk-politsiyasyi-komitetnn-265215/
материалды қалай болсын қолдану тек қана Tengrinews.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін