«Тойлап жүре бер»: Экология министрін сынға алған Меруерт Түсіпбаеваның басы бәлеге қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Тойлап жүре бер»: Экология министрін сынға алған Меруерт Түсіпбаеваның басы бәлеге қалды

«Тойлап жүре бер»: Экология министрін сынға алған Меруерт Түсіпбаеваның басы бәлеге қалды

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Меруерт Түсіпбаева экология министрі Зүлфия Сүлейменованы сынға аламын деп, елден сөз естіген.

  • 14 Маусым 2023
  • 75
Фото - Caravan.kz

Десе де әнші өзін сынаған халыққа жауап беріп үлгерді, деп хабарлайды Caravan.kz.

Меруерт Түсіпбаева өзіне «Ән айтып, тойлап жүре бер» деген халыққа жауап берді.

«Әр қазағым жалғызым…. Кешегі постымнан кір іздемеңіздер!! Таппайсыздар…. Биші болсам да, әнші болсамда , мен — мемлекеттің бір бөлшегімін!! Салық төлеп отырған Қазақстан азаматшасымын. Жаздым! Жазамын! Көріп тұрған нәрсені айту керек!! Ешкімнің аяғы аспаннан салбырап түскен жоқ!! Естісін, оқысын, сынды қабылдасын!! Жас болса- есейсін, мұндай жауапкершілікті мойынына алмас бұрын…. Тәжірибе жинап келсін билікке!!Кім қарсы?Көтере алмас шоқпарды беліне байламай; Министрге жақтаспай, жанашыр болсаңыздар, осы өртте қайтыс болған , 3 баланың анасы Жиенбаева Мейрамгүл Құсайынқызын (1989 жылы туған) неге еске алмайсыздар?! Айдың күннің аманында, жетім қалды ғой 3 балапан. Жер басып жүрген бастықтар….артық па сол қыршын кеткен марқұмдардан?! Шын мәнінде, өздігінен жанған орман емес бұл…Білгенге , артында үлкен гәп бар!! Көреміз…. Шындық жерде жатпас деп, үміттенейік…. Күтейік! Шешім бар p.s. Бұл пост маған кешеден бері шабуыл жасап, әніңді айтып, той- тойлап жүре бер дегендерге жауабым», — деп жазды ол.