Тоқаев Алматы маңында ұшақ апатынан қаза болғандардың жақындарына көңіл айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқаев Алматы маңында ұшақ апатынан қаза болғандардың жақындарына көңіл айтты

Тоқаев Алматы маңында ұшақ апатынан қаза болғандардың жақындарына көңіл айтты

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы маңында ұшақ апатынан қаза болғандардың жақындарына көңіл айтты.

  • 27 Желтоқсан 2019
  • 29
Фото - Caravan.kz

Мемлекет басшысы кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаланатынын айтты.

"Бүгін Алматы маңындағы жолаушылар ұшағы апатынан қаза тапқан адамдардың туыстары мен жақындарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккендерге көмек көрсетіледі. Апат себебін анықтау үшін арнайы үкіметтік комиссия құрылды. Кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаланады", — деп жазды мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске сала кетейік, Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bekair әуекомпаниясының апатқа ұшырағанын хабарланған еді.

Апаттан әзірге 9 адам қаза тапты, оның алтауы — балалар.

 

Соңғы жаңалықтар