Тоқаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады

Тоқаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады.

  • 1 Наурыз 2020
  • 16
Фото - Caravan.kz

Бұ туралы Caravan.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап хабарлады

Елбасы белгілеген бұл мейрам — өзара құрмет пен сенімнің, мейірім мен ізгіліктің мерекесі екені айтылады

"Қазақ жұрты қиын-қыстау кезеңде амалсыз қоныс аударған миллиондаған адамның құтты мекеніне айналды. Олардың өздері де, ұрпақтары да жерімізден пана тауып, өсіп-өніп, Қазақстанның дамуына зор үлес қосты.

Бұл күні біз елді өркендететін тату тіршілік пен жарасымды сыйластық жолындағы ниетіміздің тоғысқаны үшін бір-бірімізге алғыс айтамыз.

Тәуелсіздік кезеңіндегі табыстарға береке-бірліктің арқасында ғана қол жеткіздік. Бұл – егемен еліміздің баға жетпес байлығы.


Сондықтан бұл қастерлі құндылықтар әрдайым айнымас темірқазығымыз болып қала береді. Ішкі саяси тұрақтылық – әрбір қазақстандықтың зор жауапкершілік пен белсенділік танытуының нәтижесі", — делінген құттықтауда.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы еліміздің барлық азаматтарына Қазақстанды дамытуға қосқан өлшеусіз үлесі үшін шынайы ризашылық білдіріп, әр отбасына амандық пен игілік тіледі!

Соңғы жаңалықтар