Жарияланды: 40

Тоқаевтың қатысуымен Халықаралық волонтерлер форумы басталды

 Тоқаевтың қатысуымен Халықаралық волонтерлер форумы басталды

Форумға 50-ге жуық шетелдік спикер келді.

Елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Халықаралық волонтерлер форумы басталды,  деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Кешеден бері өтіп жатқан Халықаралық волонтерлер форумына әлемнің 34 елінен 140-тан астам ерікті қатысып жатыр. 

Айта кетейік, кейінгі үш жылда елімізде волонтерлердің саны үш есе көбейді. Мысалы, 2019 жылы волонтерлік ұйымдардың саны 50-ден астам болса, қазіргі таңда 680-ге жетіп отыр. Сонымен бірге волонтерлердің саны 2019 жылы 50 мың болса, қазір республика бойынша волонтерлер саны 200 мыңнан асады.

Форумның негізгі мақсаты – волонтерлер қозғалысын дамыту және қолдау саласындағы қазақстандық тәжірибені таныстырып, халықаралық аренада елдің оң имиджін қалыптастыру.

Осыған дейін Астанада өтетін халықаралық волонтерлер форумына 34 елдің делегаты келгені хабарланған еді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін