Тоқалға таласқан Жамалиевке сот жазасын жеңілдетуден бас тартты
Жамалиевтің жазасы жеңілдемейді! Астана соты кәсіпкердің қылмыстық істі қайта қарау туралы өтінішін кері қайтарып, үкімді өзгеріссіз қалдырды. |
Тоқалға таласып бүкіл елге танылған Қайрат Жамалиев 13 жылға сотталған болатын. Ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеп жатыр. Және бар мүлкі тәркіленген. Ал, оның екі қолшоқпарының бірі 12, екіншісі 8 жылға абақтыға қамалды. Атышулы астаналық кәсіпкердің ерке тоқалынан басталғаны есте. Келіншек жас жігітпен көңіл қосқан. Мұны көтере алмаған Жамалиев жандайшаптарымен жабылып Әлібиді өлімші етіп сабапты. 45 жастағы кәсіпкерге енді өтініш жазатын соңғы инстанция – Жоғарғы сот қана қалды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін