Төтенше жағдайлар министрі WhatsApp-нөмірін жариялады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Төтенше жағдайлар министрі WhatsApp-нөмірін жариялады

Төтенше жағдайлар министрі WhatsApp-нөмірін жариялады

WhatsApp мессенджерінде Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтің ведомствоның жеке құрамына арналған телефон нөмірі іске қосылды. Министрмен тікелей байланыс желісі 4 қыркүйекте жұмысын бастады.

  • 4 Қыркүйек 2023
  • 22
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Қазақпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

«Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері, сонымен қатар азаматтық қорғау органдарының ардагерлері өз сұрақтарын + 7 747 651 75 88 нөмірі бойынша министрге тікелей жолдай алады.

Сұрақ мәселенің түпкі негізін көрсететін нақты және түсінікті болуы қажет. Хабарламаны жіберген кезде өзі туралы деректерді: аты-жөні мен лауазымын, тұрғылықты өңірді көрсету маңызды», — делінген ТЖМ
мәліметінде.