«Түгі қалмай жанып кетті»: Семей орманындағы өртте өрт сөндірушілердің көлігі тұтастай жанып кетті (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Түгі қалмай жанып кетті»: Семей орманындағы өртте өрт сөндірушілердің көлігі тұтастай жанып кетті (ВИДЕО)

«Түгі қалмай жанып кетті»: Семей орманындағы өртте өрт сөндірушілердің көлігі тұтастай жанып кетті (ВИДЕО)

«Семей орманы» резерватындағы орман өртінде қарағандылық құтқарушылардың тұтастай бір көлігі түгі қалмай жанып кеткен.

  • 12 Маусым 2023
  • 24
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы жергілікті парақшалардың бірі хабарлайды, деп жазады Сaravan.kz.

“Патриот" Telegram-парақшасы ұсынған мәліметтерге сәйкес, орман өртінде қарағандылық өрт сөндірушілердің көлігі тұтастай жанып кеткен. Абырой болғанда өрт сөндірушілер аман қалған.

Сондай-ақ олар орман өртінің жалыны тым биік екенін, сол себепті өрт сөндірушілерге тілсіз жауды ауыздықтау қиын соғып жатқандығын хабарлайды. Өкініштісі, БАҚ беттерінде өртте тағы бір адамның із-түссіз жоғалғаны жайлы хабарланып жатыр. 36 жастағы тракторшы Архипов Сергей тракторымен 9 маусым күні өрт сөндіруге кетіп, сол күйі оралмаған.

Айта кетерлігі, аталған ұлттық трагедияға байланысты бүгін Қазақстанда аза тұту күні жариялаған.