Бұл туралы Сaravan.kz тілшісі хабарлайды.
Маусымның 8-і күнінен басталған өрт бүгінде 60 мың гектардан астам жерді жалмап үлгерген. Ал кеше жергілікті тұрғындар өрттің ауыл маңына жақындап қалған сәтін видеоға түсірген. Онда қара түнек түтіннен көкжиек көрінбейтінін анық көруге болады.
Жергілікті халық өрттен қорқып, өрт ошағына жақын орналасқан жерлерден эвакуацияланған. Ал бүгін аудан орталығында тасаттық беріледі деп жоспарланып отыр.
Айта кетейік, «Семей резерватындағы» алапат өрт соңғы жылдардағы еліміз бойынша орын алған ең ірі өрт болып отыр. Қазіргі таңда мамандар өртті ауыздықтауға қатысты тиісті іс-шараларды қабылдап жатыр.