Жарияланды: 240

Тұқымы жойылып бара жатқан барыстарды отандық ғалымдар жаңа әдіспен зерттейтін болды

Қазақ географтары зоология институтының мамандарымен бірге аңдарды спутник арқылы бақыламақ.

Бүгінде әлем бойынша барыстардың саны 7 мыңға жетер-жетпес. Ал Қазақстанда соңғы 30 жыл ішінде 3-тен екісі жойылып кеткен. Қазір ел аумағында қалғаны 130-ға да жетпейді екен. Басым бөлігі Іле Алатауын мекен етеді. Мамандар оларды мынадай автоматты бақылау камерасы арқылы және спутниктік телеметрия көмегімен зерттемек. Бірінші кезекте жыртқыштардың таралуы мен мекендейтін ортаның аумағын және қоныс ауыстыру жағдайларын анықтау көзделіп отыр. Соның нәтижесінде олардың тіршілігіне қажетті экожүйелерді сақтап қалу жөнінде ұсыныстар әзірленбек. Айта кетерлігі, барыстарды қорғауға арналған жобаны мемлекеттік қаржыландыру биылдан бастап тоқтатылған екен.

Алексей Грачев, ҚР БҒМ Зоология институтының ғылыми қызметкері :

-Біз енді жаңа құрылғылар арқылы барыстардың нақты санын білетін боламыз. Өйткені, жоғары сапалы суреттер олардың түр-түсін анықтауға мүмкіндік береді. Ал қандай да бір броконьерлік шабуылдар жасалса, дереу табиғатты қорғау қызметтеріне хабар берілетін болады. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін