Жарияланды: 370

Түрік және итальяндық бизнес-делегация Оңтүстік Қазақстанға келді

Түрік және итальяндық бизнес-делегация Оңтүстік Қазақстанға келді

Түрік және итальяндық бизнес-делегация Оңтүстік Қазақстан облысына іссапармен келді.

Аталған сапардың басты мақсаты - оңтүстік өңірдің инвестициялық мүмкіндіктерімен танысу, деп хабарлайды өңір басшысының баспасөз қызметі.

Сапар шеңберінде 15 адамнан тұратын шетелдік делегация «Оңтүстік» индустриялық аймағында және  «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан кәсіпорындарды аралап, «Шымкент» ӘКК» ҰК» АҚ жұмысымен танысты. Сонымен қатар, инвесторларға Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуетті инвестициялық жобалары көрсетілді.

Бұдан бөлек, Түркия және Италиядан келген делегация облыс әкімінің бірінші орынбасары Д. Сатыбалдымен кездесті. Кездесу барысында кәсіпкерлік саласындағы ынтымақтастықты дамыту және оңтүстік өңірдің экономикасына инвестиция салу мүмкіндіктері талқыланды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін