Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кездесу барысында Қазақстан мен Түрікменстан Республикасы арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.
Қ.Тоқаев екі ел арасындағы «қарым-қатынастардың нығая түскенін, екіжақты әріптестік тұрғысындағы қатынастарға мемлекет басшыларының кездесулерінде қол жеткен уағдаластықтар тың серпін бергенін» атап өтті.
Сенат төрағасы Қазақстан мен Түрікменстан елдері арасындағы достық қарым-қатынастарды дамытуға қосқан үлесі үшін түрікмен елшісіне алғысын білдіріп, парламент сенатының Құрмет грамотасымен марапаттады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті