Түркістан облысында діни ағымның мүшесі есірткімен ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркістан облысында діни ағымның мүшесі есірткімен ұсталды

Түркістан облысында діни ағымның мүшесі есірткімен ұсталды

Күдікті үйінің ауласында марихуана өсірген.

  • 13 Маусым 2023
  • 28
Фото - Caravan.kz

Түркістан облысының полицейлері деструктивті діни ағымның өкілінен есірткі тәркіледі, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, облыстық полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде есірткі өсімдігін өсірген күдіктіні анықтады. Ол бұрын сотталған, деструктивті-діни ағымның жақтаушысы ретінде есепте тұрған Шардара ауданының тұрғыны болып шықты.

Тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде, күдіктінің үйінің ауласынан құрамында есірткі заты бар өсімдікке ұқсас 9 түп табылды. Сондай-ақ жедел қызметкерлер тінту кезінде шыны ыдыс және полиэтилен пакетке салынған есірткі заттарын тәркіледі. Бұл фактіні полицейлер ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі заттарымен, психотроптық заттармен, олардың аналогтарымен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) және ҚР ҚК-нің 300-бабы (Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша тіркеді.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткі заттары марихуана болып шықты. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.