Түркия курорттарында коронавирус жұқтырғандар саны күрт көбейді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркия курорттарында коронавирус жұқтырғандар саны күрт көбейді

Түркия курорттарында коронавирус жұқтырғандар саны күрт көбейді

Түркиядағы курорттарда коронавирус жұқтырғандардың саны күрт өсті. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа мәлімдеді.

  • 5 Тамыз 2020
  • 25
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Соңғы уақытта алғаш рет ауру жұқтырғандардың күрт көбейгенін көріп отырмыз", — деді  Коджа.

Шенеуніктің айтуынша, Түркия жағдайдың соңы қауіпті болмауы үшін қолдан келгенін жасау керек.

Бұған дейін Қазақстан Түркияға әуе рейстерін 10 тамыздан бастап ашуды жоспарлағаны хабарланды.

"Бәрі елдегі және серіктес-елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады. Бірақ Түркияға рейстерді 10 тамыздан бастап ашу мәселесі қарастырылып жатыр",
— деді МСМ туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков ОКҚ онлайн-брифингінде.

Соңғы жаңалықтар