Түркия Премьері Анкарадағы жарылысты кімдер ұйымдастыруы мүмкін екенін айтты
![]() |
Түркия Үкіметінің басшысы 95 адам қаза тапқан жарылысты ұйымдастырды деген күдік туған ұйымдарды атады. |
Тізімде «Ислам мемлекеті», Күрдістанның жұмысшылар партиясы және солшыл радикалдар қозғалысы бар, деп хабарлады РБК.
Түркия билігі ондаған адам қаза тапқан Анкарадағы жарылысты «Ислам мемлекеті», Күрдістанның жұмысшылар партиясының белсенділері және солшыл радикалдар қозғалысы ұйымдастырды деген күдік келтіруде. Reuters хабарлағандай, бұл туралы Түркия премьері Ахмет Давутоглу мәлім етті. Премьер ақпаратқа сәйкес лаңкестікі екі жанкештінің жасағанын айтты.
Сенбі күні, 10 қазанда Анкарадағы орталық вокзалға «Еңбек. Бейбітшілік. Демократия» бейбіт наразылық шеруіне қатысушылар жиналған кезде екі жарылыс болды. Соңғы мәліметтерге қарағанда, 95 адам қаза тапты, 200-і жарақат алды. Елде үш күндік аза тұту күні жарияланды. «Бұл бір топқа немесе саяси ұйымға жасалған шабуыл емес. Бұл тұтас елімізге жасаған шабуыл», - деді Давутоглу.
Бірнеше секундтық үзіліспен Анкара темір жол вокзалында сенбі күні таңертең екі жарылыс болды. Онда Еңбек. Бейбітшілік. Демократия» бейбіт наразылық шеруі өтіп жатқан. Шеру түрік билігі мен күрдтер арасындағы әскери қақтығыстарды тоқтату үшін ұйымдастырылған.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін