Жарияланды: 460

Түркия президенті көпірден секірмек болған жанды өлімнен аман алып қалды (ВИДЕО)

Түркия президенті көпірден секірмек болған жанды өлімнен аман алып қалды (ВИДЕО)

Түркия мемлекетінің президенті Реджеп Тайып Ердоған жұма намазына бара жатып, өзін-өзі өлтірмек болған жанды өлімнен аман алып қалды.

Оқиға Ыстамбұл қаласында болған. Өмірден түңілген түрік азаматы көпірден секіріп кетпек болған. Көлікте отырған ел басшысы бұны байқап қалып, көмекшілеріне тоқтатуды бұйырған.

Президент көмекшілері әлгі азаматпен сөйлесіп, оны райынан қайтарады. Бұдан соңф ел басшысының онымен тілдескені түсірілген. Видеода Ердоған онымен бірнеше минут сөйлесіп, телефонмен әлдекімдерге тапсырма бергені көрсетіледі.

Кейбір баспасөз құралдары жариялаған деректер бойынша, ол отбасылық қиындықтарға байланысты өмірімен қоштаспақ болған. Ел басшысы оған барлық қиындықтарын шешуге көмектесетінін айтқан.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін