Жарылыс кемелерге астық тиейтін аймақта болған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Күшті жарылыс кеше Ыстанбұлдан 100 шақырым жерде, Мәрмәр теңізі жағалауында орналасқан Коджаели провинциясындағы ірі коммерциялық порт – Деринджеде болған.
Жарылыс элеваторлардан кемелерге астық тиейтін аймақта болған. Элеваторлар Түркия астық кеңесіне тиесілі.
«Нақты деректер бойынша, жарылыс салдарынан 12 адам жараланды, екеуінің жағдайы ауыр. Жарылыс 16 элеватордың 13-ін бүлдірген», — деп хабарлады Коджаели қаласының мэрі Тахир Бююкакын.
Жарылыс себептері тексеріліп жатыр. Порттың контейнерлік инфрақұрылымы зақымдалған жоқ.