Түркиядағы зиялы қауым өкілі Елбасы мақаласына қатысты пікір айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркиядағы зиялы қауым өкілі Елбасы мақаласына қатысты пікір айтты

Түркиядағы зиялы қауым өкілі Елбасы мақаласына қатысты пікір айтты

Түрік зиялы қауым өкілдері мен сарапшылары Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласымен танысып, онда көтерілген бастамаларға қатысты ой-пікірлерімен бөлісті.

  • 25 Сәуiр 2017
  • 384
Фото - Caravan.kz


Avrasya Bir стратегиялық зерттеу орталығының төрағасы Шабан Гүлбахар Мемлекет басшысының жаһандану заманында ұлттық болмыс пен құндылықтарды сақтай отырып, мәдени-рухани жаңғыру бағытында келтірген ұсыныстарын бірауыздан қолдайтынын жеткізді. Бұл ретте сарапшы: «Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі уақыт талабы. Өйткені бұл қадам жас буын өкілдеріне жаңа технология мен инновациялық жетістікке негізделген ғЫлыми ортаға еркін ықпалдасуына жол ашады. Түбі бір, тілі ұқсас түркі халықтарының ауызша да, жазбаша да бір-бірін еш кедергісіз түсінісуіне мол мүмкіндік береді»,- дейді.

— Елбасы мақаласы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру». Латын әріптерімен жазылғандықтан, көріп тұрсыз, еш қиындықсыз оқып шықтым. Мағынасы да түсінікті. Тіліміз ұқсас болған соң, ортақ сөздеріміз де жиі кездеседі. Сондықтан қазақ тілінің латын графикасына көшу бастамасын бауырлас түркі халықтары да қуана қабыл алды. Қазақстан Мемлекет басшысы жаһандық үдерістердің ықпалын ескеріп, халықтың мәдени-рухани жаңғыруына сеп болар ілкімді жобаларды жария етті. Нұрсұлтан Назарбаевтың халықтың мәдени мұралары мен құндылықтарын сақтап, елдікті нығайту жолында көтеріп отырған бұл бастамалары өте өзекті әрі өміршең деп бағалауға болады, дейді Avrasya Bir стратегиялық зерттеу орталығының төрағасы Шабан Гүлбахар.