Түркияның оңтүстік-шығысында түрік әскері күрдтермен қақтығысты - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркияның оңтүстік-шығысында түрік әскері күрдтермен қақтығысты

Түркияның оңтүстік-шығысында түрік әскері күрдтермен қақтығысты

Түркияның оңтүстік-шығысындағы Шырнак провинциясында түрік әскері мен күрд бүлікшілері қақтығысып қалды.

  • 18 Желтоқсан 2015
  • 509
Фото - Caravan.kz

Салдарынан 20-дан аса күрд қырылды, деп хабарлайды Анадолу ақпарат агенттігі. Алайда Түрік әскері жағынан адам шығыны бар ма, жоқ па, ол жайында айтылмайды. Күрдтер жиі қоныстанған Джизре мен Силопи қалаларында коменданттық бақылау орнаған. Естеріңізге сала кетейік, «Күрдістан жұмысшылар партиясы» ұйымдастырған шабуылдар кезінде аймақта бақылау күшейген еді. Күрд партиясы 1984 жылдан бері жергілікті билікке қарсылық көрсетіп келеді. 30 жылға ұласқан шиеленістен 40 мыңнан астам адам қырылды. Рейтерс агенттігінің хабарлауынша, «Күрдістан жұмысшылар партиясы» Түркия, АҚШ пен Еуроодақ елдерінде лаңкестік ұйым ретінде анықталады.