Түрмедегілер әзіл-сықақ айтудан сынға түсті
Таразда сотталушылар Тұңғыш Президент күніне күлкі сыйлады. Ерекше тәртіптегі колонияда жазасын өтеп жатқандар әзіл-сықақ айтудан сынға түсті. Жалпы саны 12 команда өзара кім мықтыны анықтады. |
Мұндай шара аса ауыр қылмыс жасағандардың арасында алғаш рет ұйымдастырылуда. Бұған дейін дәл осы колонияға бөгде кісі аттап басқан емес. Бүгін тілшілермен қоса, жазасын өтеп жатқандардың туыстары да әуесқой әртістердің өнерін тамашалады. Олар театрландырылған қойылым көрсетіп, тіпті пародия жанрынан да бәске түсті. 12 команданың ішінен дара шыққан үшеуі арнайы сыйлыққа ие болды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін