Жарияланды: 430

Twitter бүкіл әлем бойынша қызметкерлерінің 8%-ын қысқартады

Twitter бүкіл әлем бойынша қызметкерлерінің 8%-ын қысқартады

Twitter шағын блогтар интернет-сервисі 330-дан астам қызметкерді қысқартатынын жариялады. Бұл бүкіл әлем бойынша компания қызметкерлерінің 8%-ын құрайды.

Қысқартуға түскендердің басым бөлігі - программистер.

Шілде айында компания пайдаланушылардың орташа алғандағы айлық саны 2013 жылдан бергі ең төменгі көрсеткішке түскенін хабарлады.

Twitter негізін қалаушылардың бірі Джек Дорси тұрақты түрде компанияның бас директоры болып тағайындалғаннан кейін бір аптадан соң қысқарту болатыны жайлы хабарлаған. Компания қызметкерлеріне таратылған электрондық хатта Дорси компания ықшам және шапшаң командамен тезірек алға басатынын айтқан.

Twitter қызметкерлері әлем бойынша 35 кеңседе жұмыс істейді.  Соңғы екі жылда компания қызметкерлерінің саны екі есеге өскен, деп жазады Би-би-си.  

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін