Жарияланды: 400

Үй салушылар қауымдастығы доллардан түбегейлі бас тартуды ұйғарды

Осы тұста елімізде баспана тек теңгемен сатылуы мүмкін.  Қазақстандық құрылыс компаниялары бағамы күн сайын құбылып тұрған доллардан түбегейлі бас тартпақ. Үй салушылар қауымдастығы осындай шешім қабылдапты.

Яғни, енді тұрғын үй нарығындағы сауда-саттық АҚШ ақшасымен емес, ұлттық валютамен жүреді. Қауымдастық құрылыс материалдарын тасымалдайтын  мекемелермен де қайта келісім жасауды жоспарлап отыр.  Сөйтіп, үй салуға қажетті заттарды теңгемен сататын компаниялармен және отандық өндіріс орындарымен ғана жұмыс істемек. Аталған ұйым осы бастамалардың сәтті жүзеге асуына  көмектесуін  сұрап Үкіметке өтініш жазбақ.

Айдын Рахымбав, Қазақстан үй салушылар қауымдастығының төрағасы:

- Қауымдастықтағы құрылыс компаниялардың бәрі теңгеге көшіп жатыр. Сонда баспана бағасы  аса көтерлімейді. Айта кету керек, тек жаңадан салынған пәтерлер ғана ұлттық валютамен сатылады. Сонда үйдің шаршы метрі орташа есеппен 260 мың теңге болады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін