Үкімет аппараты басшысының жаңа бірінші орынбасары тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет аппараты басшысының жаңа бірінші орынбасары тағайындалды

Үкімет аппараты басшысының жаңа бірінші орынбасары тағайындалды

Ғабидолла Оспанқұлов Үкімет аппараты басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды. 
 

  • 26 Қыркүйек 2023
  • 2
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы  үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Үкімет қаулысымен Ғабидолла Абдуллаұлы Оспанқұлов Қазақстан Республикасы Үкімет Аппараты басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды", — делінген хабарламада.
 

Ғабидолла Оспанқұлов 1981 жылғы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық-заң университетін, Қазақстан-Ресей университетін, Бирмингем университетін ("Болашақ" бағдарламасының түлегі) бітірген. Еңбек жолын 1999 жылы Астана қаласында "Евразия Консалтинг" ЖШС-де заңгер көмекшісі болып бастаған.

2002-2006 жылдары ҚР Парламенті Сенаты депутатының көмекшісі болды.

2006-2009 жылдары – ҚР Парламенті Сенаты бөлімдерінде бас сарапшының м.а., бас консультанттың м. а., бас консультант.

2009-2010 жылдары – ҚР Президентінің Парламенттегі өкілдігі секторының меңгерушісі.

2010-2011 жылдары – Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары.

2011-2012 жылдары – Павлодар облысының Білім беру саласындағы бақылау департаментінің директоры.

2012-2013 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігінде заң, әкімшілік департаменттерінің директоры болып жұмыс істеді.


2013-2017 жылдары – ҚР БҒМ Жастар ісі жөніндегі комитеттің төрағасы, кейін қайта ұйымдастыру аясында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Жастар саясаты департаментінің директоры.

2017-2019 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2019 жылы – "NurOtan" партиясының хатшысы.

2019-2020 жылдары – ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрінің орынбасары.

2021-2022 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігінде мемлекеттік инспектор.

2022 жылы – ҚР Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық ұйымдастыру жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2022-2023 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі.

Еске сала кетейік, бұған дейін осы қызметте болған Ғабит Әбдімажитұлы Сыздықбеков Мемлекет басшысының жарлығымен Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалған болатын.