Үкімет баламалы энергия көздерінің дамуына назар аударуы керек - президент - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет  баламалы энергия көздерінің дамуына назар аударуы керек - президент

Үкімет баламалы энергия көздерінің дамуына назар аударуы керек - президент

Астана. 7 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ойынша, үкімет баламалы қуат көздеріне көп көңіл бөлуі керек. Мұндай пікірді ол шетелдік инвесторлар Кеңесінің 18-отырысында білдірді, деп хабарлайды агентік тілшісі.

  • 7 Желтоқсан 2007
  • 577
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан әлем бойынша күн көзінің қуатымен қамтамасыз етілген мемлекеттер қатарында және бізде жел энергиясын пайдалануға болатын үлкен мүмкіндіктеріміз бар. Біздің кіші өзендерімізде су электр станциясын салуға болады. Бірақ, басқа елдермен салыстырғанда біз балама қуат көздерімен айналыспаймыз», — деді Н. Назарбаев.

«Сондықтан үкімет инвесторлармен бірлесе отырып, орны толтырылатын ресурстарды пайдаланатын баламалы қуат көздерін дамыту мәселесі бойынша қарқынды жұмыс істеуі керек», -деп атап өтті мемлекет басшысы.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті