Жарияланды: 480

Үкімет біртұтас жер салығының 0,1 - 0,5% аралығындағы прогрессивті шкаласы ставкасын енгізбекші

Астана. 7 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Үкімет біртұтас жер салығын жер телімінің алаңы мен аумағына сай 0,1 - 0,5% аралығындағы прогрессивті шкаласы ставкасын енгізбекші. Бұл туралы республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың қатысуымен өткен "Салық салуды реформалаудың басты бағыттары" атты дөңгелек үстелде таратылған материалдарда айтылған, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Осы орайда ауылшаруашылығының тауар өндірушілері үшін басқа режимдер, атап айтсақ, заңды тұлғалар үшін салықты 70%-ға азайту, сондай-ақ, ауылшаруашылығының тауар өңдеушілері үшін қосылған құн салығын 70%-ға төмендету тәртіптері сақталады. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін