Қазақстандағы Украина елшілігі енді ресми Астанадан кітаптағы олқылықтың қалай кеткенін түсіндіріп беруді талап отыр. Даудың басы «Мектеп» баспасынан шыққан оқулықтан басталған. Онда Қырым автономиялық республикасы Ресей территориясы ретінде көрсетіліпті. Бұған шамданған Украина бұл Қазақстанның саяси ұстанамына сәйкес келмейді дейді. Өйткені, Астана Украинаның біртұтастығын қолдайтынын айтып талай мәлімдеме жасаған. Енді Киев қате кітаптарды мектептен мүлдем алып тастауды талап етуде. Әзірше, дипломатиялық жанжалға қатысты Астана жауап қатқан жоқ. Бірақ Білім және ғылым министрлігі дау тудырған оқулықты дереу тексеруді қолға алып, ондағы ақпаратқа сараптама тағайындаған. Айта кетейік, Ресей Қырым аймағын былтыр наурызда референудум арқылы деген желеумен Украинадан тартып алған болатын. Мұны Мәскеудің кейбір одақтастарынан басқа елдер мойындаған емес.
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар
2 Мамыр
Жаңалықтар
2 Мамыр
Жаңалықтар
2 Мамыр
Жаңалықтар
2 Мамыр
Жаңалықтар
2 Мамыр
Жаңалықтар
2 Мамыр
Жаңалықтар
2 Мамыр
Жаңалықтар
2 Мамыр