Үлескерлердің қаражатын қымқырған «Шейх Каз Инвест» ЖШС бұрынғы директоры Ч.Саидов ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+31 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үлескерлердің қаражатын қымқырған «Шейх Каз Инвест» ЖШС бұрынғы директоры Ч.Саидов ұсталды

Үлескерлердің қаражатын қымқырған «Шейх Каз Инвест» ЖШС бұрынғы директоры Ч.Саидов ұсталды

17 қазанда  «Хазрет» ТК үлескерлерінің ақшалай қаражатын қымқыру фактісіне қатысты қылмыстық іс бойынша екінші күдікті

  • 19 Қазан 2015
  • 392
Фото - Caravan.kz


«Шейх Каз Инвест» ЖШС бұрынғы директоры Чекмустафа Саидов ұсталып, уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды, деп хабарлайды Астана ІІД баспасөз қызметінен. 

Еске салсақ, ағымдағы жылғы 15 қазанда елордалық ішкі істер департаментінің Тергеу басқармасы «Хазрет» тұрғын үй кешені үлескерлерінің қаражатын иемденгені үшін күдікті ретінде «Шейх Каз Инвест» ЖШС директоры Ольга Шнайдерді ұстап, уақытша ұстау оқшаулағышына қамаған болатын. 
О.Шнайдердің әрекетінен 80-ге жуық үлескер зардап шекті. Жәбірленушілерден жиналған қаражат сомасы жарты миллиард теңгеден асқаны белгілі болды.
Қазіргі уақытта сот алды тергеу жүргізілуде.
Астана қ. ІІД үлестік құрылысқа қатысу үшін құрылыс компанияларын таңдаған кезде барынша абай болуға шақырады.
Аталмыш тұлғалардан зардап шеккен тұлғалардан Бейбітшілік көшесінде орналасқан Астана қ. ІІД-іне хабарласуларын немесе 71-62-28, 71-60-10 телефондарына қоңырау шалуларын өтінеміз.